Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі қызметіне Тамара Рахымжанова тағайындалды. Ол бұған дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамара Рахымжанова 1978 жылы 23 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2001-2004 жылдары «ВНИИцветмет» кәсіпорнында өндіріс орындарын тазалаушы болып бастады.

2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушановское ауылындағы орта мектепте есепші болып жұмыс істеді.

2007 жылы «Өскемен-тәртіп» ЖШС-да бөлім маманы, 2007-2013 жылдары бөлім басшысы лауазымын атқарды.

2014 жылдың ақпанынан 2016 жылдың қарашасына дейін аталған ЖШС-да директор болып еңбек етті.

2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2019 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.



Соңғы жаңалықтар