Шығыс Қазақстандағы өзендерде су тасуы мүмкін

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде 2-6 мамыр аралығында судың деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып, бұл өңірде ескерту жариялады.

Мәліметке сай, облыста жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер жаууы ықтимал. Кеше өңірде жаңбыр құйып жауып, тек түнде тоқтады.
Фото: vca-tuva.ru

Соңғы жаңалықтар