Шығыс Қазақстандағы екі ауданда пішен өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауданда пішен өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үржар ауданындағы жеке тұрғын үй ауласында пішен өртенген. Тілсіз жау сарайдың ағаш конструкцияларына жайылып кетті.

«Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 70 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, Тарбағатай ауданында 40 тонна шөп жанған. Өрт сөндірушілер жалынды жылдам өшірді.

Көп жағдайда пішен өртенуінің негізгі себептері – отты абайсыз пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.


Соңғы жаңалықтар