Шығыс Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын 20 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жылына жарық дүние есігін ашатын нәресте саны 20 мыңнан асады. Мәселен, өткен жылы 22 290 сәбидің кіндігі кесілсе, осы жылдың 9 айында 17 161 кішкентай шығысқазақстандық өмірге келді.

«Алғашқы айларында жаңа туған нәресте үнемі бақылауды және дұрыс күтімді қажет етеді. Бұл үшін облыстағы медициналық ұйымдарда патронаждық қызмет бар. Нәрестені үйге шығарғаннан кейін оны бірден емхананың учаскелік медбикесі өз бақылауына алады. 18 жасқа дейінгі балалар медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың жеңілдікті санатына кіреді. Сондықтан оларға туғаннан бастап кәмелеттік жасқа толғанға дейін барлық медициналық көмек мемлекет есебінен тегін көрсетіледі», - делінген ақпаратта.

Егер перзентханадан шыққаннан кейін ана мен балаға патронаждық медицина қызметкері келмеген жағдайда, ата-аналар нақты тұратын жері бойынша телефон арқылы емханаға жүгіне алады. Патронаж қағидаларына сәйкес баланы тұрақты тексеріп-қарау үшін медбикені үйге шақыруға құқылы.

«Медициналық көмек алуға байланысты қандай да бір сұрақтар туындаса өз емханаңыздағы Пациентті қолдау қызметіне хабарласуға мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ қорға ресми кері байланыс арналары арқылы өтініш бере аласыз. Атап айтқанда, 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы және fms.kz сайты», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар