Шығыс Қазақстанда жоғалған 4 жасар бала табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жоғалып кеткен 4 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мамыр айының басында «102» жедел арнасына хабарласқан Глубокое ауданының тұрғыны үй маңында ойнап жүрген 4 жасар ұлының жоғалып кеткенін айтқан.

Бірден сол жерге тәртіп сақшылары келіп жетіп, бүлдіршінді іздеуге кіріскен.

«Полицейлер барлық көшелерді аралап, өзен жағасын да қарап шықты. Әйтеуір бір сағаттың ішінде бала табылды. Белгілі болғандай, ол досымен бірге көрші тұратын баланың ауласына ойнауға кеткен. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Баласының дін аман табылғанына қуанған анасы Екатерина Грохотова Глубокое аудандық ПБ қызметкерлеріне алғысын айтып, шынайы ризашылығын білдірді.


Соңғы жаңалықтар