Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі бүгін, сағат 09.32-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 844 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9,6. MPV магнитудасы – 4,4. Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер түспеген.



Соңғы жаңалықтар