Шығыс Қазақстанда ТҮКШ саласында 200-ден астам жоба жүзеге асты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 200-ден астам жоба жүзеге асырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазановтың айтуынша, бүгінгі таңда өңірде сумен жабдықтау, су бұру желілерін қайта құру және ағымдағы жөндеу бағытында - 49 жоба, жылумен жабдықтау объектілері бойынша - 18 жоба, электрмен жабдықтауда - 5 жоба, сондай-ақ абаттандыру бойынша - 142 жоба жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта 214 жобаның 202-сі өз мәресіне жеткен.

«Өскемен, Семей, Алтай қалаларының, Аягөз, Абай, Тарбағатай, Бородулиха, Шемонаиха, Бесқарағай, Жарма және Зайсан аудандарының сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, Аягөз, Бородулиха, Катонқарағай, Ұлан және Алтай аудандарының жылумен жабдықтау және жылу желілеріне, Риддер қаласында және Үржар, Ұлан аудандарының электрмен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді», - дейді Нұрлан Рамазанов.

Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстары да қолға алынған. Балалар, футбол алаңдары, хоккей корттары мен воркаут алаңдары орнатылды.

Саябақтар мен скверлерді көгалдандыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 4430 адам жұмыспен қамтылған.



Соңғы жаңалықтар