Шығыс Қазақстанда пульмонолог мамандар жетіспейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында пульмонолог мамандар жетіспеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн форматта өткен баспасөз конференциясында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Владимир Ли мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда барлығы 13 пульмонолог жұмыс істеуде.

«Медициналық мекемелерге 7 пульмонолог маман жетіспейді. Жалпы, жұқпалы аурулар стационарларында коронавирусқа қарсы күреске инфекционист, анестезиолог-реаниматолог, пульмонолог, жалпы практика дәрігері, терапевт және кардиолог мамандары жұмылдырылған. Сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа да саладағы дәрігерлер тартылуы мүмкін», – деді Владимир Ли.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы орынбасарының айтуынша, өңірде карантиндік стационарларда негізінен терапевттер мен жалпы практика дәрігерлері жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар