Шығыс Қазақстанда мал базары ашылмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында мал базары ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданындағы «Мухамади» шаруа қожалығының базасында тірі малды, ауыл және мал шаруашылықтары өнімдерін сататын базар ашу жоспарлануда.

- Бұл базарда көрші шаруашылықтың фермерлері өсірген өнімдерін сата алады. Сондай-ақ сатылмаған малды сол жердегі бордақылау алаңына қалдыруға болады. Ал сатып алушылар үшін мал сою, етті мүшелеп бұзу және ыстау қызметтері қарастырылған, - делінген хабарламада.

Аталмыш шаруа қожалық республикалық тасжолдың бойындағы «Атығай» асуында орналасқан. Сондықтан бұл жердің таңдалуы кездейсоқ емес. Мал базары Ұлан ауданының жұртына және облыстың басқа елді мекендерінен келетін тұрғындар үшін де ыңғайлы болмақ.

Соңғы жаңалықтар