Шығыс Қазақстанда коронавируспен күрестің жаңа бағдарламасы әзірленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының ошағынан оқшаулау орталығы ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда өңірде жұқпалы індетпен күресудің жаңа бағдарламасы әзірленген. Өткендегі тәжірибеге сүйеніп, Мемлекет басшысының ескертуін ескере отырып, аймақта коронавирус инфекциясының ошағынан оқшаулау орталығы ашылады.

Орталықты облыс әкімі Даниал Ахметов басқарады.


«Орталықта коронавирус инфекциясымен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық тексеруден өтеді. Бұдан соң дәрігерлер мен полиция қызметкерлері бірлесе отырып, тиісті шараларды қабылдайды. Аталмыш сала мамандары үй жағдайындағы карантиннің сақталуы мен науқастың толық режимде ем қабылдауын бақылауда ұстайтын болады» делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан хабарламада.

Енді пневмониямен ауырған науқастар ең алдымен компьютерлік томографиядан өтеді. Содан соң ғана олар инфекциялық стационарға жатып, ем қабылдайды.


Сонымен қатар провизорлық төсектерден бас тарту туралы шешім қабылданған. Оның орнына ірі медициналық мекемелердің базасында инфекциялық бөлімшелер ашылады.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында өңірде вирустың екінші толқынын күтпей-ақ оның алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда.


Соңғы жаңалықтар