Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыларға 160 шағын несие берілген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасыларға былтыр 160 шағын несие берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, өңірде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Көпбалалы отбасылардың балалары мектеп формасымен, аяқ киіммен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бүлдіршіндер мектепке дейінгі мекемелерге тегін барады.

Сондай-ақ аталған санаттағы отбасылардан шыққан балалар қоғамдық көлікте тегін қатынайды.

«Табысы төмен халықты қолдау үшін тұрғын үй сертификаттары берілуде. 2021 жылы 204 отбасы 204 млн теңгеге сертификат алған. Кезекте тұрған көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал жанұяларға 9 млрд теңгеге 394 үй берілді», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар жеңілдік шарттарымен 438 млн теңгеге 160 шағын несие алған.


Соңғы жаңалықтар