Шығыс Қазақстанда көктайғақ: Күре жолда көлік қозғалысы шектелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты тасжолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қараша күні сағат 16:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (жаңбыр мен көктайғақ) байланысты «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында көлік қозғалысы шектелді. Бұл Белоусовка кенті мен Риддер қаласы арасындағы жол.

«Аталған учаскеде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар