+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеу 30 мамырға дейін ұзартылды

2021 жылғы 14 мамыр 20:17
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеу 30 мамырға дейін ұзартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 30 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын жапты Өзбекстанда шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест жүйесі қайта енгізіледі Нұр-Сұлтанда қызметкерлер үшін міндетті ПТР-тест талабы енгізілмек

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 14,2%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,002.

«Қызыл аймақта» тұрған Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында вирус жұқтырғандар саны одан сайын артып кетпес үшін шектеу шараларының сақталуын қатаң қадағалау қажет», - делінген құжатта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде 137 нысан «Ashyq» жобасына қатысқанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT