Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыптылар суға батып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында ерлі-зайыптылар суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 шілде күні Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасына екі адам батып кетті.

«Ерлі-зайыптылар жабдықталмаған жерде шомылып жүрген. Куәгерлердің айтуынша, жағадан алысқа жүзіп кеткен 1978 жылғы әйел бата бастаған. Мұны көрген 1966 жылғы күйеуі көмекке бірден асықты. Алайда ол да өз күшін дұрыс бағаламай, батып кетті», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар атап өткендей, адамдар көбінесе өз қабілеттеріне шамадан тыс сенімділіктің салдарынан суға батады. Су айдындарындағы жазатайым оқиғаларға жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, көз жұмған азаматтардың көбісі жақсы жүзе алады. Сондай-ақ жабдықталмаған су айдындарында шомылу да қайғылы жағдайларға әкеліп соғуда.


Соңғы жаңалықтар