Шығыс Қазақстанда екінші күн қатарынан жер сілкінді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 16 сәуір күні таңертеңгі сағат 08:05-те Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жерасты дүмпуінің күші 4,1 балл болған. ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының дерегі бойынша, зілзала ошағы Күршім ауданында орналасқан. Тереңдігі - 10 км. 

Еске салайық, ШҚО-да 15 сәуір күні де жер сілкінген болатын. Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 786 шақырым жерде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасты. Энергетикалық санаты 8.9. Магнитудасы  MPV 4.1. Тереңдігі 10 шақырым. 

Соңғы жаңалықтар