+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда дала өрті 50 гектар аумақты шарпыды

2020 жылғы 6 тамыз 13:34
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда дала өрті 50 гектар аумақты шарпыды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Кеше Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылдық округінде шөп өртеніп, тілсіз жау 50 гектар аумаққа жайылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да сіріңкемен ойнаған бала 12 тонна пішенді өртеп жіберді Қытайда қайық рифке соғылып, 4 адам қаза тапты, төртеуі із-түссіз жоғалған Ақтөбе полициясы оқушы қыздар арасындағы төбелеске қатысты түсінік берді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына бірден №21 өрт сөндіру бөлімі аттанған. Қызыл жалынды сөндіруге жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен сол маңайдағы шаруа қожалықтардың жұмысшылары да көмек көрсетті. Тілсіз жауды сөндіруге жалпы саны 5 техника мен 14 адам жұмылдырылған.

«Өңірдегі ыстық әрі құрғақ ауа райы даладағы өрт қаупін арттырып отыр. Осы ретте аймақ халқын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Себебі темекі тұқылы, сіріңке, дұрыс жанбаған қоқыс дала шөбі орманның отқа орануына әкеліп соғуы әбден мүмкін», - делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, өрт шыққан жағдайда тұрғындар бірден «101» нөміріне дереу қоңырау шалғаны абзал.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT