+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда дала өрті 25 гектар жерді шарпыды

2021 жылғы 20 маусым 16:01
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда дала өрті 25 гектар жерді шарпыды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер жалпы ауданы 25 гектарды құраған жалынды сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде көпқабатты үйге лифт орнатамын деп көршілерінен 1 млн теңге жинаған алаяқ ұсталды Түркияның өрттен зардап шеккен өңірлері апат аймақтары деп жарияланды Семейде құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаға көмекке келді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушыларға Тарбағатай ауданында шөп өртеніп жатқандығы жайлы хабар түскен.

«Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 25 гектарды құраған тілсіз жауды сөндірді. Өртпен күреске жеке құрамнан 6 адам мен 1 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардан 6 адам мен 2 техника тартылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, Өскеменде өрт сөндірушілер қоқыс полигонындағы ауқымды өртті сөндірді. 500 шаршы метрге жайылған қызыл жалынды өшіруге 13 құтқарушы, 3 өрт сөндіру көлігі және «Спецкоммунтранс» ЖШС-ның су тасымалдаушы көлігі жұмылдырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT