Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында боранның салдарынан тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметіне сүйенсек, 20 қаңтар сағат 21:00 бастап ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда боранға байланысты республикалық маңызы бар «Алматы - Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымы (Аягөз қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының арасы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.

Осы ретте ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйін алдын ала біліп алуға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар