Шығыс Қазақстанда боран басылып, бірқатар жолдар ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауа райы тұрақталып, бірқатар жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сенсек, «Омбы - Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымы (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының арасы) бүгін таңғы 06:10 кезінде толық ашылды.

Сонымен қатар бүгіннен бастап «Өскемен - Шемонайха - РФ шекарасы» жолының 15-102 және 105-123 шақырымында және «Өскемен - Риддер - РФ шекарасы» жолының 15-105 шақырымында көлік жүруіне рұқсат берілді.

«Алматы - Өскемен» автожолының 778-967 шақырымында, Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылының аралығында және 971-1068 шақырымында, яғни Қалбатау ауылынан бастап Қасым Қайсенов бұрылысына шейін жол ашылды.

«Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатонқарағай - Рахманов бұлағы» тасжолының 7-166 шақырымында да бүгін таңғы 08:00 бастап көлік қозғалысына шектеу жоқ.

Одан бөлек, «Омбы - Майқапшағай» автожолының 910-1087 шақырымында, Қалбатау ауылынан Боғас елдімекеніне дейінгі жолда таңғы 08:20 бастап жүруге рұқсат берілді.


Соңғы жаңалықтар