Шығыс Қазақстанда биыл 4 мыңға жуық адамды кене шақты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 4 мыңға жуық адамды кене шаққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылы өңір бойынша 3620 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны – 1248.

«Сондай-ақ кене энцефалиті мен иксодты кене боррелиозы табылған 20 азамат ауруханаға жатқызылды. Стационар жағдайында ем-дом қабылдаған олар толықтай жазылып шыққан. Кене энцефалитімен сырқаттанғандар негізінен Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласында тіркелді», - делінген ақпаратта.

Өткен жылмен салыстырғанда кене шаққандар саны 4,6 пайызға азайған. Профилактикалық мақсатта кене энцефалитінің вирусына қарсы иммуноглобулин 2943 адамға салынған.


Соңғы жаңалықтар