Шығыс Қазақстанда биыл 300 шақырым жол жөнделді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 300 шақырым жол жөнделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл 283 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 160-ы облыстық, 123 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

«Осы жылы Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар, Үлкен Нарын-Күршім, Өскемен - Тарғын-Самар, Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар, Шемонаиха-Усть-Таловка, Шемонаиха-Большая речка, Белағаш-Дмитриевка, Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы, Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра автомобиль жолдарының учаскелеріне, сондай-ақ Беген, Солдатово, Көктерек, Боран, Ойшілік, Глубокое, Белоусовка және Тассай ауылдарының кіреберіс жолдары жөнделген», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар 50,4 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Осылайша, Преображенка-Шұғылбай, Күршім-Алғабас, Үржар-Қызылту-Бургон, Новодворовка-Переменовка-Ремки ауылдары арасындағы жол учаскелері және Жаңаауыл ауылына кіреберіс жол жөнделді.


Соңғы жаңалықтар