Шығыс Қазақстанда биыл 200-ден астам кәсіпорын банкротқа ұшырады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 200-ден астам кәсіпорын банкротқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың тоғыз айында өңір бойынша 208 кәсіпорын таратылды. Оның басым бөлігі - сауда саласынан.

ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерік Татубаевтың айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп.

«2019 жылы «Оңалту және банкроттық туралы« ҚР Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Оған сәйкес борышкердің банкроттық рәсімін қозғай отырып, кәсіпорынды банкрот деп тану және тарату туралы өтініш беруге – оның тұрақты төлем қабілетсіздігі негіз бола алады. Кредитордың борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруі үшін заңды күшіне енген сот актісі негіз бола алады», - деді ол.

Бұрын өтінішті қарау мерзімі бір айды құраса, енді жаңа өзгерістерге байланысты екі айға созылады.

«Осы ретте соттың борышкерді банкрот деп танудан бас тартуы оны банкрот деп тану туралы өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды. Ал оңалту рәсімін қолданудан бас тартылған жағдайда борышкер өтінішті екі жыл өткеннен кейін ғана қайта бере алады», - деп түсіндірді Ерік Татубаев.


Соңғы жаңалықтар