Шығыс Қазақстанда бірқатар жол жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңір бойынша 7 жол жабық. Оның ішінде 5 республикалық, 2 облыстық маңыздағы жол.
Атап айтқанда, республикалық маңыздағы «Алматы-Өскемен» тасжолының 778- 967 шақырымы (Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы), «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 7-66 шақырымы (Ушановск ауылы мен Серебрянск қаласының аралығы), «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымы (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы), «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымы (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының арылығы) және «Алматы-Өскемен» тасжолының 971-1068 шақырымы (Қалбатау ауылы мен Қасым-Қайсенов кентінің арылығы) жабылған.
Сондай-ақ облыстық маңыздағы «Өскемен-таулы Үлбі-Северное тасжолының 31-60 шақырымы (Зоя лагері мен Северное ауылының аралығы) және «Бородулиха-Жезкент» тасжолының 0-49 шақырымында көлік қозғалысына тыйым салынған», - делінген хабарламада.
«Қазгидромет» РМК ШҚОФ ақпаратынша, 5 наурызда күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей аудандарда бұрқасын, тұман, көктайғақ күтілуде.
- Өскемен мен Семей қаласындағы мектептер қашықтан оқу форматына көшуі мүмкін
- ШҚО тауларында көшкін жүру қаупі бар
- ШҚО-да қоғамдық орында маска тақпағандарға айыппұл салынуда
- Президент тапсырмасы: Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары тексерілді
-
Өскеменде пәтер өртеніп, 3 адам құтқарылды
-
Шығыс Қазақстанда вакцина алғандар саны 3 есеге өсті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам