Шығыс Қазақстанда бала асырап алудың жаңа тәртібі түсіндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендегі А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» жобасының жетекшісі Ләззат Жүсіповамен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізілген бірқатар өзгертулер талқыланып, бала асырап алу үшін сертификатқа қалай қол жеткізу қажеттігі жіті түсіндірілді.

«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы «Ана үйі» қоғамдық қорының жанынан Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құрылды. Кодекске бірқатар өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, жеке бала асырап алу агенттіктері заңдастырылды. Бұдан бөлек, бала асырап алушылар ең алдымен ата-ана мектебінде оқып, сертификат алуы міндеттелді», - деді Ләззат Жүсіпова.

Естеріңізге сала кетейік, «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізілген өзгертулер 2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бүгінде Білім және ғылым министрлігі бала асырап алу агенттіктерін тіркеуден өткізудің ережесін әзірлеуде.

«Еліміздің барлық облысындағы «Ана үйі» жанынан асырап алушылар мектебі ашылды. Онда келушілерге бала асырап алу шарттары мен тәртібі түсіндіріледі. Сонымен қатар ата-ана болуға психологиялық жағынан дайындалуға көмек көрсетіледі. Мәселен 2016-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысындағы асырап алушы ата-аналар мектебінде 140 адам тәлім алды. Нәтижесінде 66 адам 86 баланы қамқорлыққа алды», - дейді Ләззат Жүнісова.



Соңғы жаңалықтар