Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарының 81 пайызы таза ауызсумен қамтылған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауыл халқының 81,4 пайызы таза ауызсумен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты.
«Халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету – өмір сапасының маңызды көрсеткіші. Өткен жылы облыста 37 сумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілген. 51 елді мекенде суды тазарту және таратудың модульдік станциялары орнатылды. Жыл қорытындысы бойынша облыс ауылдарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші – 77,4%-ды құрады. Жалпы ауыл тұрғындарының таза ауызсумен қамтылу деңгейі 81,4%-ға жетіп отыр», - деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, өңірде 2015 жылдан бастап сумен жабдықтау нысандарына бағытталған қаржыландыру көлемі 9 есеге артқан.
«2021 жылы тағы 37 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, халық аз қоныстанған 51 елді мекенде блокты-модульді станциялар орнатылады», - деді Даниал Ахметов.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да шекарадағы аудандарды дамытуға 218 млрд теңге жұмсалатындығы хабарланған еді.
- Өскемен мен Семей қаласындағы мектептер қашықтан оқу форматына көшуі мүмкін
- 21 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- Алматы облысында сирек кездесетін сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды
- 2022 жылы Теміртауда жаңа жылу қазандығы салынбақ
-
ШҚО тауларында көшкін жүру қаупі бар
-
ШҚО-да қоғамдық орында маска тақпағандарға айыппұл салынуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам