Шығыс Қазақстанда 765 нысан Ashyq жобасына қосылған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Ashyq жобасына 765 нысан қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша Ashyq жобасына 765 нысан қосылды.

Оның ішіндегі 553-і ресми түрде жобаға қатысуда, 212-сі тестілік режимде жұмыс істеп жатыр. Ал келушілерді QR коды бойынша аз тіркеген 17 нысан жобадан шығарылған.

«Әлеуметтік маңызы бар нысандардың ішінде Семей қаласының әуежайы мен Өскемендегі теміржол вокзалы Ashyq жобасына қосылған. Сондай-ақ Семейдегі теміржол вокзалы да 1 шілдеден бастап қосылуы тиіс», - деді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.

Айта кетейік, елімізде 26 сәуірде іске қосылған Ashyq жобасы бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған.

Арнайы жасалған қосымша ПТР-дің жалпы базасымен біріктірілген.

Бұл әр азаматтың қауіпті дертке шалдыққанын немесе ауырғандармен байланыста болғанын анықтауға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар