Шығыс Қазақстанда 3 мыңнан астам плазма дозасы дайындалған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін құйылатын иммундық плазманың 3 099 дозасы дайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн форматта өткен баспасөз конференциясы барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш мәлімдеді. Оның айтуыша, инфекциялық стационарлардағы дәрігерлер арасында иммундық плазманы қолдану бойынша семинарлар өткізілген. Бүгінде 150 пациентке 309 доза плазма құйылды.

Жыл соңына дейін иммундық плазманы дұрыс сақтау мақсатында Өскемен мен Семей қалаларындағы екі қан орталығына 10 мұздатқыш камерасын сатып алу жоспарланып отыр. Облыстық ауруханаларға қосымша 15 арнайы мұздатқыш және 19 плазмалық мұздатқыш жеткізілмек», - деді Асқар Хорошаш.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының инфекциялық ауруханаларында 346 өкпені жасанды желдету аппараты және 67 рентген аппараты бар.


Соңғы жаңалықтар