+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда 163 нысан Ashyq жобасына қатысуда

2021 жылғы 6 мамыр 05:33
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда 163 нысан Ashyq жобасына қатысуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 163 нысан Ashyq жобасына қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік пен әкімдіктер эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауы қажет – Асқар Мамин Ақмола облысы «сары» аймақтан шықты Шығыс Қазақстан облысында 600-ден астам нысан Ashyq жобасына қатысуда

Елімізде 26 сәуірде іске қосылған Ashyq жобасы бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған.

Арнайы жасалған қосымша ПТР-дің жалпы базасымен біріктірілген.

Бұл әр азаматтың қауіпті дертке шалдыққанын немесе ауырғандармен байланыста болғанын анықтауға мүмкіндік береді.

«Бүгінде өңірде 163 мекеме Ashyq жобасына қатысып отыр. Жобаға кірген кәсіпкерлік нысандардың қатарында сауналар, фитнес-орталықтар, СПА-орталықтар, бассейндер, компьютерлік клубтар, боулингтер, бильярдтар, кинотеатрлар, театрлар, қоғамдық тамақтану орындары, сондай-ақ облысаралық және қалалық тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындар бар. Ashyq жобасының мақсаты – вирус жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау. Сонымен қатар бизнес нысандарын қала немесе ауданның «қызыл» немесе «сары» аймақта болуына қарамастан, халыққа қауіпсіз қызмет көрсетуін қамтамасыз етуге бағытталған» деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Ashyq қосымшасы індеттің таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Десе де, ол кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық нормаларды сақтау жауапкершілігінен босатпайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT