Шығыс Қазақстанда 1500 адам көктемгі әскери қызметке шақырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Отан Қорғаушылар күніне орай әскерге шақырылған азаматтарды Қазақстан армиясы қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскер құрамына жас сарбаздар жіберілді.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тұспа-тұс келген әскери шақыртудың маңызы ерекше. ҚР Қарулы Күштері Отанымыздың шебін нық күзетеді. Биыл көктемгі әскерге шақыру маусымында Қазақстан армиясының қатары мерзімді қызметтегі 1500 жауынгермен толықпақ. Барлығы - 18-27 жас аралығындағы жастар. Басым бөлігі 2000-2001 жылдары туғандар», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан ақпаратта.

Роман Фунт Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданынан келді. Ол әскерге баруды өзінің Отан алдындағы борышы деп санайды.

«Өз еркіммен әскерге аттанып барамын. Әуе қорғаныс күштерінде қызмет етемін. Меніңше, әркім әскери мектептен өтуі керек. Отанымызды қорғау - әрбір азаматтың борышы және міндеті», - дейді Роман.

Жас сарбаздар еліміздің түрлі әскери бөлімдеріне жіберілмек.

Оның арасында ҰҚК шекара қызметі, Қорғаныс, ТЖ министрлігінің бөлімдері және ҚР Ұлттық ұланы бар.



Соңғы жаңалықтар