+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда 13 санитарлық пост қойылмақ

2020 жылғы 30 қазан 12:31
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда 13 санитарлық пост қойылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап 13 санитарлық пост қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Желтоқсан мен қаңтарда карантин қатаңдауы мүмкін Жағдай күрделенсе, карантин режимін күшейтеміз - Бақытжан Сағынтаев Астанада сауда ойын-сауық орталықтарына сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат берілді

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27 қазандағы №23 қаулысына өзгерістер енгізілді. Құжатта жазылғандай, қала және аудан әкімдеріне денсаулық сақтау басқармаларының, мемлекеттік кірістер департаментінің, полиция департаментінің, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшылары аймақ шекарасындағы 13 санитарлық посттың жұмысын қамтамасыз етуі керек.

«Санитарлық посттар Алматы (1), Қарағанды (1), Павлодар (2) облыстарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін жолдардағы «Ауыл», «Уба» өткізу пункттерінде (Шемонаиха ауданында – 1, Бородулиха ауданында – 1) және Өскемен қаласында (7) қойылады. Посттардың жұмыс режимі мен мерзімі COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес өзгертілуі мүмкін», - делінген қаулыда.

Десе де облыс тұрғындары Өскеменнен басқа аудан-қала аралығында еш кедергісіз жүре алады. Ал еліміздің басқа аймақтарында вахталық әдіспен жұмыс істейтін өңір азаматтары бес күн бұрын жұмыс берушінің қаражаты есебінен COVID-19-ға сынама тапсыруы тиіс.

Сонымен қатар, ғимарат пен үйді жалға алып, мерекелік және отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 1 қарашадан бастап блокпостар қою жоспарланып отырғандығы хабарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT