Шығыс Қазақстанда 1,3 млн электронды денсаулық паспорты жасалған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1,3 миллионнан астам электронды денсаулық паспорты жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмаханов сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының денсаулық сақтау саласында қалай іске асырылып жатқаны туралы айтып берді.

«Ашықтықты арттыру, медицина қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қаражаттың бөлінуіне қоғамдық бақылауды арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Өңірде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бағдарламасы әзірленіп, табысты жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі бағыттары – адами капиталды, ресурстар мен технологияларды дамыту», - деді ол.

Оның айтуынша, бағдарлама әлемнің жетекші клиникаларында медицина қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау, мамандандырылған орталықтар, республикалық ғылыми орталықтардың филиалдарын құру, сондай-ақ цифрландыру сияқты төрт бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

Осының барлығы медициналық көмек көрсету сапасын арттырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

«Барлық медициналық ұйымдарда ақпараттық жүйелер енгізілген. Осының арқасында құжаттарды қағазсыз жүргізу жүйесіне толығымен көшуге мүмкіндік туды. 1,3 миллионнан астам электронды денсаулық паспорты жасалды. Тұрғындар үшін мобильді қосымша әзірленді, соның арқасында үйден шықпай-ақ дәрігер қабылдауына жазылуға болады. Медициналық ұйымдардың әрбір басшысы мен қызметкері, сондай-ақ азаматтардың өздері сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсінуі тиіс», - деді Жайық Жұмаханов.

Ауыл медицинасын дамытуда маңызды қадамдар жасалған. Алтай және Аягөз қалаларында екі инсульт орталығы жұмыс істеуде.

Облыс бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 1086 бірлік заманауи жабдық сатып алынды. Бұл жоғары технологиялық техника көлемін 2,5 есеге арттырды.т

Соңғы жаңалықтар