Шығыс Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын 800-ге жуық адам салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын 800-ге жуық адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдырып жатқан балалар мен жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер саны артуда. Қазіргі уақытта жалпы саны 767 адам екпе алған.

Осы ретте, Күршім ауданында вакциналау қарқыны жоғары. Аудандық аурухананың бас дәрігері Ләйлім Шоқаеваның айтуынша, 2 мыңға жуық бала вакцина алады деп жоспарланып отыр.

«Кеше бізге Pfizer дозасының 540 дозасы жеткізілді. Сағат 8.00-ден бастап балалар ата-аналарымен келіп жатыр. Қазір 60-қа жуық ата-ана баласына екпе жасатуға ниет білдірді. Көпшілік вакцинаны асыға күткендерін жеткізуде», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар