Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында көмір тапшылығы қалай шешіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «ҚТЖ жүк тасымалдау» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында көмір тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған өңірлердегі мәселе бойынша біз талдау жасадық. Өскемен қаласындағы «Топливная транспортная компания» деген теміржол тұйығына көмір тиеу 110 пайызға орындалып жатыр екен. Ал Қаражыра көмір кенішінен жоспар бойынша күніне 8 вагон көмір жөнелтіліп жатты. Мысалы кеше сол жерден 18 вагон түсірілді. Бүгін 19 вагон түсіріліп жатыр. Сол тұйыққа 23 вагон тағы келе жатыр. Яғни, дәл сол жерге көмір жоспардан артық жеткізіліп жатыр», - деген «ҚТЖ» өкілі Павлодар облысында көмір тоапшылығы жо екенін мәлім етті.

«Павлодар облысы бойынша «Элит» деген теміржол тұйығына Майкүбіден тамыз айында 24 вагон көмір тиелген. Қыркүйекте 54 вагон тиелген. Ол жоспарға сәйкес. Жаңағы теміржол тұйығының ұсынысы бойынша толық қамтылған. Бүгін сол тұйыққа тағы 40 вагон тиеліп жатыр. Яғни жоспар бойынша тиеліп жатыр. Сондықтан, дәл осы өңірде алаңдаушылық болмауы керек. Өйткені жүк жоспар бойынша тиеліп жатыр», - деді ведомство өкілі.


Соңғы жаңалықтар