Шығын 500 млн теңге: Қылмыстық топтан ақбөкеннің 293 дана мүйізі тәркіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық полицейлер киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу операциясын өткізді. Бұр туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Арнайы операция 9 сәуірде өткен. Оның барысында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының полиция қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын сатпақ болған астананың 55 және 52 жастағы екі тұрғынын, Қарағанды облысының 44 жастағы бір тұрғынын ұстады.

«Қылмыстық топтың Нұр-Сұлтанда тұратын екі мүшесі елордадан сатып алған ақбөкен мүйіздерін Қарағанды облысында сатпақ болған. Операция кезінде 293 дана мүйіз тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген шығын 500 млн теңгені құрайды. Күдіктілердің тұратын жері мен олармен байланыстағы 6 мекенжайда бір мезетте тінту жүргізілді», - деп жазады Polisia.kz.

Тінту барысында айғақзаттар мен дәлелдемелер табылды. Бұдан бөлек, есірткі құралдары анықталды.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған ресми мәліметте.


Соңғы жаңалықтар