Шығарылмаған қар үшін кім жазаға тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер өз аумағының қарын шығармаған қазақстандықтарға жасалған ескертуге түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімшілік кодексте жеке тұрғын үй иелері өз аумағын лайықты деңгейде күтіп ұстауы туралы бап бар. Оның ішіне кейін өзіміз суға батып кетпес үшін қардан тазарту да кіреді. Оны жыл сайын тек Қарағандыда ғана емес, Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар мен Ақмола облыстарында қолданады», - деді Владимир Беккер Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, жеке тұрғын үй иелері ауласын қардан тазартып, оны көшеге шығаруы қажет.

«Одан кейін әкімдік жинап алады. Меніңше, кей өңірлерде қар шынымен де мол түсті. Қармен және су тасқынымен күрес - ортақ іс деп ойлаймын. Егер сіз жеке тұрғын үйдің немесе қандай да бір нысанның иесі болсаңыз, онда өз аумағыңызды тазалау үшін шара қабылдауыңыз қажет», - деді В.Беккер.

Сонымен қатар ол қар тазаланбағаны үшін адамдар бірден жазаланбайтынын айтып сендірді.

«Адамдарға белгілі бір мерзімді қар жинауды өтінген хабарлама келеді. Егер онда да тазаламаса, онда әкімшілік жаза қолданылады. Бұл ретте әрбір жағдайды жеке алып қарау қажет. Егер ол сауда үйінің немесе сол сияқты нысанның аумағы болса, онда олар қарды өздері шығаруы тиіс. Егер ол жеке тұрғын үй болса, онда әкімдік тұрғын үй аумағын қардан тазалауды өтінеді», - деді ол.

Бұған дейін Facebook-те Ботагөз Омарова есімді қолданушы Қарағанды облыстық полиция департаменті тұрғындарға ауласын қардан тазаламағаны үшін ескерту жасағанын жазған болатын.


Соңғы жаңалықтар