09:21, 23 Маусым 2021 | GMT +6
Швейцарияда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакциналауға рұқсат етілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Швейцарияда билік 12 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге COVID-19-ға қарсы вакцин алуға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Швейцария Қоғамдық денсаулық сақтау Федералды басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап өтілгендей, екпелерді Pfizer/BioNTech компаниясы жүргізеді. Вакциналау тегін болады.
Маусым айының басында Швейцарияның Swissmedic агенттігі Pfizer/BioNTech компаниясына 12 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға коронавирусты вакциналау үшін медициналық жабдықты пайдалануға рұқсат еткен болатын.