+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Швейцария Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

2020 жылғы 6 тамыз 12:53
Бөлісіңіз:
Швейцария Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Урс Шмидті еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Белгілі неміс әдебиеттанушысы Леонард Кошут Қазақстанның «Достық» орденімен марапатталды Жол жөндеуде алаяқтар пайда болды - «ҚазАвтоЖол» Басқарма төрағасы

Кездесуде Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін У. Шмидке ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы оған жоғары деңгейдегі байланыстарды қарқындату мен екі ел арасындағы сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған белсенді қызметі үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде Елші саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелердің барлық спектрі бойынша берік және үйлесімді екі жақты қарым-қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT