Шұжық өнімдерінің импорты 33,3 мың тоннаны құрады - Сапархан Омаров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға шұжық өнімдері негізінен Ресейден импортталады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шұжық өнімдерінің импорты 33,3 мың тоннаны құрайды, бұл ретте 85 пайызы көрші Ресейден әкелінеді. Ішкі нарық отандық өндірістің шұжық өнімдерімен 62 пайыға қамтамасыз етілген», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жалпы алғанда, ішкі нарықты шұжық өнімдерімен молықтыру жөніндегі міндет ет өңдеуші кәсіпорындарды айналым мақсаттарына қаржыландыру және фермерлерді малды союға өткізуге ынталандыру есебінен іске асырылатын болады.

«Сондай-ақ, қуаты 103 мың тоннаны құрайтын ет өңдеуші кәсіпорындар салу бойынша 9 жоба іске асырылуда, олар ішкі нарықты шұжық өнімдерімен қамтамасыз ететін болады», - деді Сапархан Омаров.

Бұған дейін хабарланғандай, ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ету бағытында құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет.



Соңғы жаңалықтар