18:00, 14 Тамыз 2019 | GMT +6
Шұғыл шаралар қабылдануы тиіс: Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы ағаш кесу жөнінде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі бойынша шұғыл шаралар қабылдауы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.
«Казахстанская правда» газеті Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі жөнінде жазды. Ұлттық байлықты жоюға қатысты өрескел әрекетке су құбыры жолының құрылысы сылтау болып отыр. Үкімет және әкімдік шұғыл шаралар қабылдауы тиіс»,-деп жазды Мемлекет басшысы.