Шу тұрғынының сарайынан ірі көлемде есірткі табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы 18 қаңтарда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 53 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Оның тұрғылықты жерін тінту барысында сарайынан жалпы салмағы 5 келі 375 грамм «кептірілген марихуана» және салмағы 240 грамм «гашиш» есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін мойындап, Шу қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.


Соңғы жаңалықтар