+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Шу тұрғындарынан 300 мың дозадан астам «марихуана» тәркіленді

2021 жылғы 22 шілде 19:23
Бөлісіңіз:
Шу тұрғындарынан 300 мың дозадан астам «марихуана» тәркіленді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер Шу қаласының тұрғындарынан 30 келі есірткі затын тапты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-ның екі тұрғыны ірі көлемдегі есірткі заттарымен қолға түсті Биыл полицейлер 12 тонна есірткі тәркіледі – ІІМ Қызылордада ауласында есірткі өсірген 62 жастағы тұрғын қолға түсті

«Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аймағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 27 және 61 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады. Тінту барысында олардан жалпы салмағы 30 келіге жуық «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Алынған есірткі затының салмағы 300 мың дозадан асады. Қара нарықта есірткінің мұндай мөлшерінің құны-шамамен 3 миллион теңге болады.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Ұсталғандар кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT