Шу өзенінің суынан сынама алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 ақпанда Шу өзенінің суынан сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«БАҚ және әлеуметтік желіде Шу өзеніне құятын Қырғызстан Республикасының аймағында Аламедин және Ала-Арча өзендерінде су жасыл түске боялғаны жөнінде ақпарат тарауына байланысты 29 ақпанда «Қазгидромет» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы қызметкерлері Қайнар ауылының маңында Шу өзенінен жоспардан тыс су сынамасын алды «, желінген хабарламада.

Аталған жер Қырғызстанмен шекарадан шамамен 20 шақырым қашықтықта.
Мамандардың мәлімдеуінше, Шу өзеніндегі судың түсі өзгермеген, бөтен иісі жоқ, басқа ештеңе табылмаған.
«Ауыр металл, органикалық және биогенді заттарды анықтау үшін су сынамаларының физика-химиялық талдауының нәтижесі 2 наурызда ұсынылатын болады», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар