+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Шу қаласының тұрғынынан 3 000 доза есірткі тәркіленді

2021 жылғы 16 шілде 05:09
Бөлісіңіз:
Шу қаласының тұрғынынан 3 000 доза есірткі тәркіленді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер есірткі сатушыдан үш мыңға жуық гашиш дозасын тәркіледі,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-ның екі тұрғыны ірі көлемдегі есірткі заттарымен қолға түсті Биыл полицейлер 12 тонна есірткі тәркіледі – ІІМ Қызылордада ауласында есірткі өсірген 62 жастағы тұрғын қолға түсті

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қайнар-Қордай» автожолында Chevrolet маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тінту кезінде жолаушы, Шу қаласының 44 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы екі келі 965 грамм «гашиш» есірткі заты табылды, тәркіленген есірткі затының салмағы 3 000 дозаны құрайды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 1,5 миллион теңгеге айналады.

«Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT