Шу ауданында қарақшылар кәсіпкерге қару кезеніп, ақша талап еткен

ШУ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полиция қызметкерлері Шу ауданы кәсіпкерлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін облыстың 29 және 34 жастағы екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 қарашада 49 жастағы тұрғын полицияға атыс жарақатымен жүгініп, түнде медициналық бетперде киген белгісіз екі адамның үйдің ауласына кіріп, қару кезеніп, ақша талап еткенін хабарлаған.
«Үй иесінің үнсіздігі, сондай-ақ кенеттен отбасы мүшелерінің үйге оралуынан есі шыққан қарақшылар оқиға орнынан қашып кетпек болған. Қудалаудан қорыққан олардың біреуінің атқан оғы үй иесіне тиген. Күдікті ретінде облыстың 29 және 34 жастағы 2 тұрғыны ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген облыстық ПД баспасөзь қызметінің мәлімдемесінде.
Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қамаққа алынды. Қару тәркіленіп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
- Жамбыл облысында боранда 800 қойымен бірге адасып кеткен шопан құтқарылды
- Жетісайда адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
- Елордада карантинге қарамастан балалары ойын клубтарында жүрген 111 ата-ана жазаланды
- Пәкістанның батысында сегіз адам жол апатынан мерт болды
-
Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандық қылмыстық жауапқа тартылған
-
Кореяда сотталған 25 қазақстандықты елге қайтаруға мүмкіндік жасалмақ
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам