Шу ауданында 2 тоннаға жуық жабайы қарасора өртелді

None
None
ШУ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Шу ауданында 2 тоннаға жуық айы қарасора жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап кең ауқымды «Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Оған сәйкес, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрылған болатын.

«Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 5 гектар жер аумағында жабайы өскен сораны шабу арқылы 1 тонна 781 келі «сора тұқымдас өсімдікті» өртеу арқылы жойды»,- делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар