+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Шпекбаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесті

2020 жылғы 30 қазан 21:35
Бөлісіңіз:
Шпекбаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпеарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев павлодарлық қоғам белсенділерімен және журналистермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Агенттік Атбасар ауданы мен Степногор білім бөлімдерінің басшылары не үшін жазаланғанын түсіндірді Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Call орталыққа 25 мыңнан астам хабарлама түсті Данияр Сабырбаев: Жемқорлықпен күрес - бұл парасаттылық идеологиясын қалыптастыру

Алик Шпекбаев Павлодар облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді.

Бүгін жұртшылықпен, бизнес-қоғамдастықпен және БАҚ өкілдерімен ашық диалогтық кездесу өтті.

Антикор басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы егжей-тегжейлі баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесін, жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің жаңа тетігін, ол туралы хабардар етушіні ынталандыру жүйесіндегі өзгерістерді, мемлекеттік қызметшілердің сыйлық алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтті.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімді алдын алу, пәрменді қылмыстық-құқықтық шаралар, сындарлы әріптестік және белсенді қоғам сынды басымдықтар қазіргі заман талаптарынан туындап отыр. Сондықтан біз қылмыстық-құқықтық, жазалаушы және қатаң түрде абақтыға қамау тәжірибесінен алшақтаудамыз. Қазіргі таңда жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу негізге алынғанын атап өтемін. Бұл ретте азаматтық қоғам тарапынан ауқымды қолдаудың маңызы зор», - деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Өз кезегінде пгенттік жанындағы ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада сыбайлас жемқорлық – қоғамның дерті, құлдық сананың жаңғырығы екенін атап өтті.

«Біз азаматтардың санасын өзгертіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмыс істеуіміз керек. Әрбір саналы азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосуы тиіс», - деді спикер.

Кездесу барысында қоғам қайраткері Саида Таукелова Екібастұз, Ақсу қалаларында және Қалқаман кентінде өткен мониторинг нәтижелерімен бөлісті.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Екібастұз қаласының бірқатар медициналық мекемелеріне мониторинг жүргізді. Мониторинг кезінде ас блогындағы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларының өрескел бұзушылықтары анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қоғам белсенділерінің әлеуметтік маңызы бар нысандарға мониторинг жасауы – осындай күрделі кезеңде аса өзекті», – деп атап өтті ол.

Қоғам өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысына толғандыратын сұрақтарын тікелей қойып, толық жауап алды.

Сапар соңында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Алик Шпекбаев облыс әкімі
Әбілқайыр Сқақовпен бірлесіп азаматтарды қабылдады.

Мәселен, облыс тұрғыны екі жасар балаға қымбат дәрі-дәрмек сатып алу көмегін сұрады. Аталған мәселені шешу Денсаулық сақтау басқармасының басшысына тапсырылды.


«Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үй алу қиындықтары – тағы бір өтінішке себеп болды. Бұл мәселе төрағаның жеке бақылауына алынды.

Сонымен қатар, қабылдау барысында онкологиялық науқастарға және олардың отбасыларына психологиялық көмек және психотүзету қызметтерін көрсететін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі әлеуметтік жоба қолдау тапты.

Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы жеке бақылауға алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT