Шотландияда арал 6 млн долларға сатылымға шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландиядағы Улва (Isle of Ulva) аралы сатылымға қойылды, оның құны 4,3 млн фунтқа ($5,9 млн) бағалануда. Бұл туралы The Telegraph хабарлады.

Аралдың ұзындығы 12 шақырым, ал ені 4 шақырымға жуық. Жалпы аумағы 1,8 мың гектарды құрайды. Онда тұрғын үйден бөлек шіркеу мен мейрамхана бар. Оның алғашқы қоныстанушылары біздің дәуірімізге дейінгі 6-мыңжылдықта өмір сүрген. Арал соңғы 70 жылдың ішінде алғаш рет сатылымға қойылып отыр. 

Соңғы жаңалықтар