Шорт-тректен әлем чемпионаты: Ғалиахметов пен Никиша жартылай финалға жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Нидерландтың Дордрехт қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жартылай финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

1500 метрге жарысқан Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша жартылай финалда бақ сынайды. Сондай-ақ, аталған екі спортшы 500 метрге жүгіруден ширек финалға жолдама алды.

Ал 1000 метрге жарысудан Ғалиахметов 1/4 айналымға өткенімен, Никиша іріктеуден аса алмады.

Сондай-ақ, Мәдина Жанбосынова 1500 метрге жүгіруден жартылай финалда, 1000 метрге жүгіруден ширек финалда бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар