Шорт-тректен ӘЧ: Мадина Жанбосынова жартылай финалға шықты

None
None
ДОРДРЕХТЕ. ҚазАқпарат - Нидерланды Дордрехте қаласында шорт-тректен 2021 жылғы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік біріншіліктің алғашқы күнінде әйелдер арасында 1500 м қашықтыққа ширек финалдық сайыстар өтті.

Аталған бәсекеде қазақстандық Мадина Жанбосынова 2:35.856 көрсеткішімен өз тобында үшінші болды. Нәтижесінде, жартылай финалға жолдама алды.

Әйелдер арасында 1500 м қашықтық бойынша жартылай финал мен финалдық бәсекелер 6 қазан күні өтеді.
Соңғы жаңалықтар