Шорт-трек: Қазақстан ерлер құрамасы жүлделі орын үшін таласады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияның Нагоя қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы жүлделі орындар үшін таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар 5 мың метрлік эстафетада жартылай финалда табысты өнер көрсетті.

Мәдіғали Қарсыбековтің шәкірттері мәреге үшінші келгенімен, канадалықтар пенальти алып қалғаннан кейін Қытай құрамасымен бірге А финалына жолдама алды.

Екінші жартылай финалда А финалына Ресей мен Корея шорттрекшілері шықты.

Осылайша ертең Қытай, Ресей, Корея және Қазақстан құрамалары жүлделі орындарды сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ұлттық құраманың Жапонияда жақсы нәтижеге қол жеткізгісі келетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар